Қордай ауданының аудандық мәдениет үйінде аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында аудандық форум өтті. Форумға аудан әкімінің орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, білім бөлімінің басшысы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, «Amanat» партиясы аудандық филиалының басшысы, дін мамандары және сала мамандары қатысты.
Жиын барысында қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстардың маңызы сөз болды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ортақ жауапкершілікке тоқталды. Форум барысында заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті екені айтылып, ел ішіндегі тыныштық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстарды бірлесе атқарудың маңыздылығы атап өтілді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

