Қордай ауданының жомарт жамағаты руханият пен білімнің ордасы саналатын Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне арнайы ұшыр зекетін табыстады.
Өңірдегі іргелі оқу орнында тәлім алып жатқан шәкірттердің игілігі үшін 80 қап картоп, 38 қап пияз, 2 қап қырыққабат және 1 қап сәбіз жеткізілді.
Ислам дінінде ілім жолына түскен жандарға қолдау білдіріп, олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау – ең сауапты әрі қадірлі істердің бірі. Дін мен ел болашағы үшін білікті мамандар тәрбиелеп жатқан медресе шәкірттеріне көмек көрсету қоғамның рухани дамуына қосылған зор үлес саналады.
Медресе-колледж ұжымы мен шәкірттері білім жолындағы жастарды қолдап, күзгі өнімдерінен үлес қосқан Қордай ауданының қайырымды халқына шынайы алғыстарын білдіріп, кәсіптері мен еңбектеріне береке тілеп дұға жасады.
"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің баспасөз қызметі


25 Қыркүйек 2026
12 Раби-сани 1448

