ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Жалпақ төбе алқабы «Тұрғани» мешітінде өткен салтанатты жиында «Нұр ақ» қайырымдылық мекемесінде тәлім алып, Қасиетті Құранды толық жаттап шыққан жас қари Салман Абдуллаевты марапаттады.
2023–2026 жылдар аралығында қасиетті кітапты толықтай көкейіне тоқып шыққан 13 жастағы шәкіртке арнайы сертификат табысталды. Бас имам жас қариға ақ батасын беріп, руханият жолында биік белестерді бағындыруына ізгі тілегін жеткізді. Мешітке жиналған ақсақалдар мен жамағат та өз кезегінде баталарын жаудырды.
Көпшілік жас қариды даярлаған ұстазы, хафыз Али Ибрагимовке айрықша алғыс білдіріп, еңбегіне ризашылық танытты. Ал перзентінің үлкен жетістігіне куә болған жас қаридың әкесі тебіреніп, Жаратқанға шүкіршілік айтты.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



25 Қыркүйек 2026
12 Раби-сани 1448

