Байзақ ауданында мешіт жастары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Спорттық шараға аудан бас имамы Қанат Әділханұлы да қатысты. Ойынның мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өзара достық қарым-қатынасты нығайту.
Доп додасында мешіт жастары алаңда өзара бақ сынасып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Жарыс барысында ұйымшылдық пен командалық рухқа ерекше мән берілді. Мұндай игі бастамалар жастардың белсенділігін арттырып, мешіт пен жамағат арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.


24 Қыркүйек 2026
11 Раби-сани 1448

