БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ СПОРТТЫҚ КЕШЕНДЕ БАС ҚОСТЫ

БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ СПОРТТЫҚ КЕШЕНДЕ БАС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданына қарасты ауыл имамдары «Достық Life» спорт кешенінде футбол ойнап, спорттық белсенділіктерін арттырды. Аталған шара имамдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Жасыл алаңда бас қосқан дін қызметкерлері футбол ойнап, өзара тәжірибе алмасып, еркін форматта уақыт өткізді. Спорттық кездесу көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға жақсы әсер сыйлады. Игі бастама ауыл имамдарының бірлігін бекемдеп, денсаулыққа көңіл бөлудің маңызын көрсетті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: