БАЙЗАҚ: АҚҚИЯ АУЫЛЫНДА ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

БАЙЗАҚ: АҚҚИЯ АУЫЛЫНДА ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданына қарасты Аққия ауылында имамдар арасында «Уақып мәдениеті» тақырыбында семинар өтті. Кездесуде аудан бас имамы Қанат Әділханұлы уақыптың мән-маңызы мен қоғамдағы атқаратын рөлі хақында сөз қозғап, қайырымдылық пен ізгілікке негізделген бұл игі істі дамыту жолдары қарастырылды.

Семинар барысында имамдарға уақыптың сауабы, оның мұқтаж жандарға қолдау көрсетудегі маңызы және халық арасында уақып мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігі түсіндірілді. Жиын соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жөнінде өз ойларын ортаға салды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: