ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы өңірдегі аға буын өкілдерімен арнайы жиын өткізді. Басқосуға Тараз қаласы Әулие ата ауданы бойынша жаңадан сайланған Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірхан Қанаев, оның орынбасары Қадірхан Абдуллаев, Әкелер кеңесінің төрағасы Сағынбек Тұрарұлы және Мешіт істері жөніндегі меңгеруші Халид Қожахметов қатысты.
Кездесу барысында облыстың бас имамы ардагерлер мен ақсақалдармен жақын танысып, өңірдегі руханиятты өркендету, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру және қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту бағытында өзара пікір алысты.
Сондай-ақ жиында алдағы уақытта мешіт пен аға буын өкілдері бірлесе атқаратын ауқымды іс-шаралар, жастарды отансүйгіштікке әрі имандылыққа баулудың маңызды жолы талқыланып, ортақ жоспарлар айқындалды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



21 Қыркүйек 2026
8 Раби-сани 1448

