Талас: Дәстүрлі ислам құндылықтары - ұрпақ тәрбиесінің негізі

Талас: Дәстүрлі ислам құндылықтары - ұрпақ тәрбиесінің негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Әбдірашит ата мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мешітіміздің ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарын, сондай-ақ олардың бала-шағаларын арнайы шақырып, тағылымды кездесу өткізді.

Кездесу барысында дәстүрлі исламдық құндылықтар, отбасы тәрбиесі, үлкенді сыйлау, ұрпаққа өнегелі тәрбие беру және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеудің маңызы кеңінен түсіндірілді. Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, имамның пайдалы насихаттарын тыңдады. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулердің отбасы бірлігін нығайтып, кейінгі ұрпаққа рухани бағыт-бағдар беруде маңызы зор.

Әбдірашит ата мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: