Әбдірашит ата мешітінде Ахат Қайыпбергенұлының ұйымдастыруымен балалар арасында дойбыдан жарыс өтті. Зеректік пен ұшқыр ойды талап ететін дойбы додасы тартысты әрі қызықты өтті. Жарысқа қатысқан балалар әр жүрісін мұқият саралап, жеңіске деген жігерін көрсетті. Ойын барысында жас қатысушылардың ойлау қабілеті мен шеберлігі сынға түсті. Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша: - І орын— Маратұлы Мәди; - ІІ орын— Мақсатқызы Кәусар; - ІІІ орын — Кенжеханұлы Әлімжан иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.
Атап айтқанда, І орын иегеріне — 5 000 теңге, ІІ орынға — 3 000 теңге, ІІІ орынға — 2 000 теңге берілді. Жарыс соңында Ахат имам барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды құттықтады. Сонымен қатар жүлдеге іліге алмаған балаларға сәттілік тілеп, келесі жарыстарда жақсы нәтижеге жетіп, жеңімпаз атануларына тілек білдірді. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың ой-өрісін дамытуға бағытталған мұндай жарыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Әбдірашит ата мешітінің баспасөз қызметі.



24 Қыркүйек 2026
11 Раби-сани 1448

