Әбдірашит ата мешітінде балалардың басын қосқан ерекше шара ұйымдастырылды. Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу мақсатында Ахат Қайыпбергенұлының бастамасымен жасөспірімдер арасында асық ату және садақ атудан жарыс өтті. Балалар ұлттық ойындардың қызығына еніп, асық атып, садақ тартып, өзара шеберліктерін сынады. Жарыс барысында кімнің епті, кімнің мерген екені байқалып, тартысты сәттер аз болмады.
Жарыс соңында үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған қатысушылар марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Бұл басқосу — балалардың бос уақытын тиімді өткізуімен қатар, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттырып, атадан балаға жалғасқан дәстүрлі құндылықтарды дәріптеудің жақсы үлгісі болды.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі



24 Қыркүйек 2026
11 Раби-сани 1448

