Талас: Діни ағымдардың қоғамның ауызбірлігі мен татулығына тигізер зияны

Талас: Діни ағымдардың қоғамның ауызбірлігі мен татулығына тигізер зияны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Әбдірашит ата мешітінде Ахат Қайыпбергенұлы көпшілікке ізгі насихат айтып өтті. Уағыздың негізгі өзегі — діннің адамзатты бірлікке, бауырластыққа, ізгілікке шақыруы тиіс екендігі. Алайда кейбір радикалды діни ағымдар діни түсіністікті емес, керісінше алауыздық пен бөлінушілікті күшейтуі мүмкін. Мұндай ағымдардың ең қауіпті тұсы — олардың қоғамды сырттай ғана емес, отбасының ішінен ірітуі. Діни көзқарастағы айырмашылықты желеу етіп, ата-ана мен баланың, ерлі-зайыптылардың, ағайын-туыстың арасына сызат түсіруі.

Негізі асыл дініміз адамды ата-анасынан, туған-туысынан, ағайынынан алыстатпауға, керісінше үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болып, қоғаммен тату өмір сүруді насихаттайтынын тілге тиек етті. Алла Тағала баршамызға ауызбіршілігіміз бекем, еліміз аман, жұртымыз тыныш болуын нәсіп етсін деп сөзін түйіндеді.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: