Күндердің сұлтаны – қасиетті жұма күні Тараз қаласындағы «Әулие ата» мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) туған айына орай салтанатты түрде Мәуліт жыры оқылды.
Игі шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ораз Баймаханов арнайы Мәуліт жырын оқып, жиналған жамағатпен бірге Адамзаттың ардақтысына салауаттар мен дұғалар бағыштады. Уағыз-насихат айтылып, пайғамбар өнегесі мен көркем мінезі кеңінен насихатталды.
Айтулы мереке қарсаңында мешітке жиналған жамағатқа арнайы дастархан жайылып, бауырсақ, құрт сияқты ұлттық дәмдер мен мерекелік палау таратылды. Рухани кештен үлкен әсер алған тұрғындар бір-бірін қасиетті аймен құттықтап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін ізгі тілектерін білдірді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



21 Қыркүйек 2026
8 Раби-сани 1448

