Талас: Құраншылар деген кімдер?

Талас: Құраншылар деген кімдер?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданда діни сауаттылықты арттыру және қоғам арасында дұрыс діни түсінік қалыптастыру мақсатында ауданның наиб имамы Асқарбек Серікұлы жамағатқа «құраншылар деген кімдер» деген тақырыпта уағыз-насихат айтты.

Наиб имам «құраншылар» деп аталатын ағымның діни ұстанымдарына тоқталып, олардың исламның негізгі дереккөздерін түсіндірудегі ерекшеліктерін түсіндірді. Асқарбек Серікұлы өз сөзінде Құранды мойындап, хадистерді діни ілімнің дереккөзі ретінде қабылдамау немесе олардың маңызын жоққа шығару исламның дәстүрлі түсінігіне қайшы келетінін атап өтті. Ислам дінінде Құранмен қатар Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) сүннеті мен хадистерінің де маңызды орын алатыны түсіндірілді.

Кездесу барысында ата-бабамыз ұстанған діни танымның ғасырлар бойы халқымыздың салт-дәстүрімен сабақтасып, ұлттық тәрбиенің қалыптасуына ықпал еткені сөз болды. Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы тағы бір мәрте атап өтілді.

Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: