Талас: “Салафи-уахабилік діни ағымы” туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді

Талас: “Салафи-уахабилік діни ағымы” туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Маржангүл ана мешітінде жамағатқа «салафи-уахабилік діни ағымы»тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, жат діни идеологиялардың алдын алу және дәстүрлі діни танымның маңызын түсіндіру. Маржангүл ана мешітінің имамы Үкібаев Ғазиз кездесуде салафи-уахабилік бағыттың қалыптасуы, діни ұстанымдарының ерекшеліктері және қоғамға ықпалы туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар дінді үстірт түсініп, әлеуметтік желілердегі тексерілмеген діни ақпараттарға еріп кетудің ықтимал қауіптері жөнінде түсіндірді. Ғазиз имам діни мәселеде білім мен сауаттылықтың маңызына тоқталып, кез келген діни ақпаратты саралап, дін маманына жүгінуді тілге тиек етті.

Маржангүл ана мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: