Қасқабұлақ ауылында отбасы құндылығын дәріптеуге бағытталған тағылымды уағыз-насихат айтылды. Ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы ауыл мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа «Отбасы – ең ұлы құндылық»тақырыбында насихат жүргізді.
Бас имам шаңырақтың берекесі ең алдымен ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен жауапкершілікке байланысты екенін атап өтті. Жалғасбай Дүйсенбайұлы өз сөзінде отбасы мүшелерін бір-біріне кешірімді болуға, қиындықты бірге еңсеруге және шаңырақтың тыныштығын сақтауға шақырды.
Әсіресе қазіргі таңда отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жастарға өнегелі тәрбие берудің маңыздылығын жеткізді. Жұма уағызында айтылған тағылымды ойлар жамағатқа отбасы құндылықтарын бағалауға, ата-ана мен перзент арасындағы байланысты нығайтуға және шаңырақ тыныштығын сақтауға бағыт-бағдар берді.
Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.


23 Қыркүйек 2026
10 Раби-сани 1448

