Талас: Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

Талас: Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасқабұлақ ауылында «заң мен тәртіп» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, қоғамдағы құқықтық мәдениет пен тәртіптің маңызы жөнінде ой бөлісті.

Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындар арасында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың жауапкершілігін арттыру мәселелерін түсіндіру. Жалғасбай Дүйсенбайұлы өз сөзінде дін мен заңның қоғамдағы тәртіп пен бейбітшілікті сақтаудағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, адам баласын адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке және өзгенің құқығын құрметтеуге үндейтін құндылықтар қоғамның берік негізін қалыптастырады.

Бас имам тұрғындарды бірлік пен өзара сыйластықты сақтауға, қоғамдық тәртіпке бейжай қарамауға шақырды. Заңды құрметтеу – мемлекетті құрметтеудің, ал тәртіпті сақтау – елдің тыныштығын қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіші екені атап өтілді.

Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: