Қасқабұлақ ауылында діни тұрақтылықты сақтау және жат ағымдардың алдын алуға бағытталған түсіндіру кездесуі өтті. Ауданымыздың діни жат ағымдардың алдын алу бағытына жауапты маманы Ахат Қайыпбергенұлы ауыл жамағатымен кездесіп, өзекті тақырып төңірегінде кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, олардың қоғамға тигізуі мүмкін кері әсері және діни сауаттылықтың маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар діни секталардың ықпалына түсудің алдын алу, күмәнді діни ақпаратты ажырата білу және әлеуметтік желілердегі діни мазмұндағы материалдарға сыни көзқараспен қарау мәселелері сөз болды.
Жамағат тарапынан да бірқатар сұрақтар қойылып, маман тарапынан нақты жауаптар берілді. Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, жастарды теріс идеологияның ықпалынан қорғау және қоғамдағы діни келісімді сақтау бағытында пікір алмасу болды.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі



23 Қыркүйек 2026
10 Раби-сани 1448

