Талас: Қасқабұлақ ауылындағы мешіттің тыныс-тіршілігі зерделенді

Талас: Қасқабұлақ ауылындағы мешіттің тыныс-тіршілігі зерделенді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы Қасқабұлақ ауылына арнайы іссапармен барып, ауыл мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында бас имам мешіттің қазіргі жағдайын көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын зерделеді.

Сонымен қатар мешіт жанынан жаңадан бой көтерген асхананың жай-күйімен танысып, оның алдағы уақытта ел игілігіне қызмет етуіне қатысты мәселелерге назар аударды. Іс-сапар барысында мешіттің тазалығы, ішкі тәртібі, жамағатпен байланысы және діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстардың жүргізілуі де назардан тыс қалмады.

Жалғасбай Дүйсенбайұлы мешіт қызметінің жүйелі жүргізілуі, жамағатпен тұрақты байланыс орнату және діни құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру жөнінде бірқатар ұсыныстарын білдірді. Сапар соңында мешіттің тыныс-тіршілігі мен атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ауылдағы діни ахуалды тұрақты назарда ұстаудың маңызын атап өтті.

Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: