Талас: Үлкенге құрмет – кішіге ізеттіліктің дін мен дәстүрдегі көрінісі

Талас: Үлкенге құрмет – кішіге ізеттіліктің дін мен дәстүрдегі көрінісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аққұм ауылындағы Тұңғатар ата мешітінде Абатов Дәурен ұлттық тәрбиенің өзегіне айналған «үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында тағылымды кездесу өткізді.

Басқосуда халқымыздың сан ғасырдан бері қалыптасқан бұл дәстүрінің дініміздегі құндылықтармен үндестігі сөз болды. Ежелден халқымыз үлкенді сыйлауды, қарияның батасын алуды, ата-ананы ардақтауды үлкен тәрбие деп білген. Үлкеннің алдын кеспеу, сөзін бөлмеу, төрден орын беру, сәлемін алу секілді қарапайым әдеттердің өзінде терең тәрбиелік мән жатыр.

Ал жасы кішілерге қамқор болып, ақыл-кеңес айту – аға буынның кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілігін көрсетеді. Бұл ұстаным дініміздегі ізгілік қағидаларымен де сабақтас. Сондықтан халқымыздың «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген тәрбиелік қағидасы ұлттық дәстүр мен діни құндылықтардың өзара үйлесімін көрсетеді.

"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: