Тамды ауылдық мәдениет үйінде әйел-ананың қоғамдағы және отбасындағы мәртебесін айқындауға арналған тағылымды басқосу өтті. «Асыл дініміз бен дәстүріміздегі әйел кісінің орны» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде әйел затының қадір-қасиеті, отбасы тәрбиесіндегі рөлі және ұлттық құндылықтар жайы кеңінен сөз болды. Ұлт тәрбиесінде ана – отбасының ұйытқысы, шаңырақтың берекесі әрі ұрпақтың алғашқы ұстазы саналған. Басқосу барысында ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтардың өзара сабақтастығы да сөз болды.
Қазақтың «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген нақылының мәніне тоқталған қатысушылар ұрпақ тәрбиесінде ата-ана өнегесінің орны бөлек екенін атап өтті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар да өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы әйелдің рөліне қатысты пікірлерімен бөлісті.
"Тәңкібай ата" мешіті баспасөз қызметі.


23 Қыркүйек 2026
10 Раби-сани 1448

