Талас: Ақ дастарханға бата беру – ұлттық дәстүрдің тағылымы

Талас: Ақ дастарханға бата беру – ұлттық дәстүрдің тағылымы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқының салт-дәстүрінде ақ дастарханның орны ерекше. Дастархан басында бата беру – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тағылымды дәстүрдің бірі. Ақкөл мешітінің имамы Амиров Сейткамаладдин ақ дастарханға бата берудің мән-маңызына тоқталып, бұл дәстүрдің тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, бата – үлкеннің кішіге ақ тілегін білдіріп, ізгі ниетін жеткізетін рухани құндылық.

Бата арқылы халқымыз ақ тілек пен ізгі ниетін білдіріп, дастарханның берекесін, отбасының амандығын, елдің тыныштығын тілеген. Бұл – үлкенді сыйлау мен кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетудің жарқын үлгісі. Бүгінде мұндай дәстүрлерді дәріптеу – ұлттық құндылықтарды сақтап, оны жас ұрпақтың бойына сіңірудің маңызды жолдарының бірі.

"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: