Үшарал ауылының имамы Қыдырбай Көпбосынұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығын дәріптеуге бағытталған тағылымды кездесу өткізді. Жиынның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттап, діни ұстаным мен салт-дәстүрдің өзара байланысын түсіндіру.
Кездесу барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы мен имандылық құндылықтары сөз болды. Үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, қайырымдылық жасау, ағайынмен татулықта болу секілді дәстүрлі құндылықтардың тәрбиелік мәні атап өтілді. Қыдырбай имам дін мен дәстүрдің қазақ халқының рухани өмірінде өзара сабақтасып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, жас ұрпақты имандылыққа, үлкенді сыйлауға және адамгершілікке тәрбиелеу ісіне тоқталып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен жас ұрпаққа дұрыс тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті.
Абдулла Ишан мешітінің баспасөз қызметі


24 Қыркүйек 2026
11 Раби-сани 1448

