ТАЛАС: Дін мен дәстүр – жастар тәрбиесінің негізі

ТАЛАС: Дін мен дәстүр – жастар тәрбиесінің негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қасқабұлақ ауылындағы «Әбілхан қажы» мешітінің имам Асанов Хеурзаның және ауыл жастарының қатысуымен «Дін мен дәстүр және жастар» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Жиын барысында ислам дінінің адамды ізгілікке, адалдыққа, сабырлылыққа, мейірімділік пен қайырымдылыққа үндейтіні айтылды. Мешіт имамы Хеурза Асанов жастарға ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет көрсету, кішіге қамқор болу, туған жерді қадірлеу, ағайынмен тату болу, ел бірлігі мен қоғам тыныштығын сақтау сияқты құндылықтардың маңызына тоқталды.

Бұл кездесу – дін мен дәстүрдің сабақтастығын дәріптеп, жастардың рухани тәрбиесіне бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Жастармен осындай тағылымды кездесулерді тұрақты түрде өткізу арқылы олардың діни сауатын арттырып, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды насихаттау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

"Әбілхан қажы" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: