Аудандық «Қаратау қажы би» мешітінде ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының қатысуымен жамағатқа арналған “пәтуа сағаты” өтті. Діни шараның негізгі мақсаты – жамағат арасында діни сауаттылықты арттыру, шариғат талаптарын дұрыс түсіндіру және күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелер бойынша нақты әрі дұрыс бағыт-бағдар беру.
Пәтуа сағаты барысында бас имам жамағаттың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, ғибадат мәселелері, отбасы құндылықтары, мұсылманның күнделікті өмірдегі міндеттері және шариғат үкімдері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар діни мәселелерде әртүрлі ақпараттарға жүгінбей, сенімді әрі ресми діни дереккөздерден мәлімет алудың маңыздылығына да тоқталып өтті.
Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі


22 Қыркүйек 2026
9 Раби-сани 1448

