ЖАМБЫЛ: АРАҚ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

ЖАМБЫЛ: АРАҚ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылдихан ауылы, Махат ата мешітінің молдасы Ескендір Чалиев мешітке келген жамағатқа «Арақ және зиянды заттардың зардаптары» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында арақ пен адам денсаулығына зиян келтіретін заттардың жеке адамға ғана емес, оның отбасына және жалпы қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді.

Молда ислам дінінде адамның денсаулығы мен амандығын сақтау маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өтіп, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға үндеді.

Сонымен қатар, маскүнемдік адамның рухани дүниесіне кері ықпал етіп, отбасы татулығы мен қоғамдық жауапкершілікке нұқсан келтіруі мүмкін екені айтылды. Ескендір Чалиев жамағатқа уақытты пайдалы істерге жұмсап, салауатты әрі өнегелі өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын жеткізді.

Уағыз барысында жастар тәрбиесіне де ерекше тоқталып, жас буынға зиянды әдеттердің алдын алу бағытында дұрыс тәрбие мен өнегелі ортаның қажеттілігі сөз болды.

Сондай-ақ адам баласының өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жақындарын да ізгілікке және пайдалы әдеттерге шақыруы қажеттігі түсіндірілді.

Молда жамағатты нәпсіні тізгіндеп, сабырлылық пен қанағатшылдықты серік етуге, бос уақытын ізгі істер мен пайдалы білімге арнауға шақырды. Жиын барысында арақ пен зиянды заттардың алдын алуда отбасының тәрбиелік ықпалы мен қоғамдағы өзара қолдаудың маңызы атап өтілді.

Кездесуге қатысқан жамағат пайдалы насихат тыңдап, зиянды әдеттерден сақтанудың рухани және әлеуметтік маңызы жөнінде тағылымды мағлұмат алды.

Уағыз соңында Ескендір Чалиев барша жамағатты денсаулықты қадірлеуге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және қоғамға пайдасы тиетін ізгі амалдарға ұмтылуға үндеді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: