ЖАМБЫЛ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

ЖАМБЫЛ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса ауылы Домалақ ана мешітінің имамы Расылхан Сыбанбай мешітке келген жамағатпен кездесіп, «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Шара барысында діни экстремизмнің қоғамның тұрақтылығы мен бірлігіне кері әсер ететін қауіпті құбылыс екені жан-жақты түсіндірілді. Имам діни сауаттылықты арттыру мен дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсінудің теріс ағымдардың ықпалына қарсы тұрудағы маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, күмәнді діни ақпараттарға сын көзбен қарап, дін мәселесінде білікті мамандар мен сенімді діни дереккөздерге жүгінудің қажеттілігі атап өтілді. Расылхан Сыбанбай жамағатты қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға, өзара сыйластық пен бірлікті нығайтуға үндеді.

Кездесу барысында жастардың діни білімін жетілдіру, олардың теріс идеологиялардың ықпалына түсуінің алдын алу және дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелеріне ерекше мән берілді.

Сондай-ақ мешіт жамағатына экстремизмнің алдын алуда отбасы тәрбиесі мен рухани құндылықтардың алар орны туралы тағылымды түсіндірмелер берілді. Жиын соңында жамағатқа бейбітшілік пен келісімді қадірлеу, діни мәселелерде байыптылық таныту және қоғам игілігіне қызмет ету жөнінде пайдалы насихат айтылды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: