ЖАМБЫЛ: ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Бәйдібек мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешітке келген жамағатпен кездесіп, «Пәтуа сағатын» өткізді. Тағылымды шара барысында күнделікті өмірде жиі кездесетін діни мәселелер мен шариғи үкімдер жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бас имам жамағат тарапынан қойылған сауалдарға Құран мен сүннетке және шариғат қағидаларына негізделген тұжырымды жауаптар берді. Сонымен қатар, діни мәселелерге қатысты әртүрлі пікірлерге ермей, білікті дін мамандарына жүгініп, сенімді ақпарат көздерінен мәлімет алудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесу барысында ғибадат мәселелерімен қатар, отбасы құндылықтары, адамгершілік пен өзара сыйластыққа қатысты сауалдарға да назар аударылды.

Даурен Куттыбаев жамағатты діни білімді жүйелі түрде жетілдіруге, шариғат талаптарын дұрыс түсініп, оны күнделікті өмірде жауапкершілікпен ұстануға үндеді.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған діни сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алып, рухани тұрғыдан пайдалы мағлұматтармен толықты.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: