ЖАМБЫЛ: ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР

ЖАМБЫЛ: ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылы Арынғазы мешітінің имамы Али Ахмедов мешітке жиналған жамағатқа «Дін және жастар» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында діннің адам тәрбиесі мен рухани кемелденуіндегі орны, сондай-ақ жастардың имандылық құндылықтарын бойына сіңірудегі маңызы кеңінен түсіндірілді.

Имам қазіргі қоғамдағы жастардың білімге ұмтылып, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді берік ұстануы ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, пайдалы білім мен өнегелі істерге ден қоюы олардың тұлғалық қалыптасуына оң ықпал ететіні айтылды.

Али Ахмедов жас буынды ата-анаға құрмет көрсетуге, үлкенді сыйлауға, кішіге ізет білдіруге және қоғамға пайдасы тиетін азамат болуға үндеді. Сондай-ақ діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы сөз болып, дін мәселесінде сенімді әрі дұрыс ақпарат көздеріне жүгінудің қажеттілігі түсіндірілді.

Уағыз барысында жастардың жат ағымдар мен теріс діни түсініктердің жетегінде кетпеуі үшін сыни ойлау мен діни білімнің маңызы ерекше атап өтілді. Имам мешіт пен жамағат арасындағы рухани байланысты нығайтып, жастарды имандылыққа, жауапкершілікке және елжандылыққа тәрбиелеу баршаның ортақ міндеті екенін жеткізді.

Жиын соңында жамағатқа мазмұнды насихат айтылып, жастардың рухани тәрбиесін күшейту арқылы қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуға болатыны кеңінен баяндалды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: