ЖАМБЫЛ: ИХСАН - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

ЖАМБЫЛ: ИХСАН - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Бәйдібек мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев Аса ауылындағы Домалақ ана мешітінде жамағатпен жүздесіп, «Ихсан – тәрбие негізі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында ихсан ұғымының адам өміріндегі рухани мәні мен мұсылманның мінез-құлқын кемелдендірудегі маңызы кеңінен түсіндірілді.

Наиб имам жүректе Алла Тағаланың бақылауын сезіну, әрбір істі шынайы ниетпен атқару және көркем мінезді қалыптастыру ихсанның негізгі көріністерінің бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, нәпсісін тізгіндеуі және айналасына ізгілікпен қарауы қоғамдағы өзара сыйластық пен бірлікті нығайтатыны айтылды.

Азамат Балхожаев жамағатты күнделікті өмірде сабырлылық, адалдық, мейірімділік пен жауапкершілік секілді ізгі қасиеттерді берік ұстануға үндеді.

Сондай-ақ уағыз барысында ата-анаға құрмет көрсету, отбасы мүшелеріне қамқорлық таныту және қоғамға пайдалы азамат болудың тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды.

Жиын соңында жамағат айтылған насихаттан рухани тәлім алып, ихсанды өмір салтына айналдырудың маңыздылығын түсінді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: