ЖАМБЫЛ: УАҒЫЗ- НАСИХАТ РУХАНИ ТӘРБИЕ

ЖАМБЫЛ: УАҒЫЗ- НАСИХАТ РУХАНИ ТӘРБИЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Бәйдібек мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа рухани тәрбие мен отбасылық ынтымақты нығайтуға бағытталған уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында «Отбасы құндылықтары» тақырыбы кеңінен қозғалып, отбасының берекесі мен бірлігін сақтауда ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы, ата-ананы құрметтеу және бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді.

Бас имам отбасы – қоғамның берік негізі екенін атап өтіп, әрбір шаңырақта мейірім, сабыр, кешірім және өзара түсіністік үстемдік етуі қажет екенін жеткізді.

Сонымен қатар, «Дін мен дәстүр – егіз» тақырыбы аясында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен ислам құндылықтарының сабақтастығы жөнінде мазмұнды ойлар айтылды.

Даурен Куттыбаев ұлттық тәрбиенің озық үлгілерін діни құндылықтармен үйлестіре отырып, кейінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие берудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Кездесу барысында жамағатқа қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және отбасылық құндылықтарды дәріптеу жөнінде пайдалы кеңестер берілді. Әсерлі уағыз жамағаттың рухани білімін арттырып, отбасы берекесін бекемдеуге, ұлттық және діни құндылықтарды құрметтеуге үндейтін мазмұнды насихатпен қорытындыланды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: