ЖАМБЫЛ: ЫСЫРАП - АЛЛА СҮЙМЕЙТІН АМАЛ

ЖАМБЫЛ: ЫСЫРАП - АЛЛА СҮЙМЕЙТІН АМАЛ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылы Бейсеу ата мешітінің имамы Ермұханбет Берсүгір мешітке келген жамағатқа «Ысырап – Алла сүймейтін амал» атты уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында ысырапшылдықтың адам өміріне, отбасы берекесіне және қоғамның әлеуметтік жағдайына тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді.

Имам ислам дінінде берілген нығметтерді қадірлеп, оларды орынды әрі ұқыпты пайдаланудың маңызды құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар, асты-тамақты, суды, қаражатты және басқа да мүмкіндіктерді қажетсіз жұмсаудан сақтанудың діни әрі тәрбиелік мәніне тоқталды. Ермұханбет Берсүгір жамағатты қанағатшылдық пен үнемшілдікке тәрбиелеп, бар нығметтің қадірін білуге үндеді.

Уағыз барысында ысыраптан арылудың отбасылық тәрбиеге де оң ықпал ететіні, әсіресе балаға жауапкершілік пен ұқыптылықты үйретудің маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ қолындағы мүмкіндігін орынды пайдаланып, мұқтаж жандарға жәрдем беру мен қайырымдылық жасау ізгі амалдардың бірі екені түсіндірілді.

Имам жамағатты күнделікті өмірде қарапайымдылықты ұстанып, дүние-мүлікке шектен тыс әуестенбей, берекелі әрі мағыналы ғұмыр кешуге шақырды.

Жиын соңында жамағатқа ысырапшылдықтан бойды аулақ ұстап, Алланың берген нығметтерін қадірлеу және игілікке жұмсау жөнінде мазмұнды насихат айтылды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: