ШУ: «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» атты рухани кеш өтті

ШУ: «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» атты рухани кеш өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінде "Отбасы" күніне орай «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында тағылымды рухани кеш өтті. Шараны мешіттің әйел-қыздар секторы ұйымдастырып, оған 8 ұлт өкілі қатысты.

Рухани кеш барысында әр ұлттың өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын таныстырды. Сонымен қатар, халқына тән өнегелі әдет-ғұрыптарын ортаға салып, ұлттық құндылықтарының ерекшелігімен бөлісті. Әртүрлі ұлт пен мәдениет өкілдерінің бір шаңырақ астында бас қосуы – өзара сыйластық пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.

Шара барысында «Әртүрлі ұлт болғанымызбен, дініміз бір» деген ұстаным кеңінен насихатталып, отбасы құндылығы, ұлттық тәрбие, өзара құрмет пен ынтымақтың маңызы сөз болды.

Алла Тағала Құран Кәрімде «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Уа, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық, әрі бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді халықтар мен ру-тайпалар етіп жасадық», – дейді.

Шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен мадақтамалар табысталды. Ақ дастархан басында ақжарма тілектер айтылып, қатысушылар өзара жылы лебіздерімен бөлісті.

Ұлттық құндылық пен діни тағылымды ұштастырған рухани кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, татулық пен бірліктің қадірін тағы бір мәрте сезіндірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: