Ислам және адал қоғам жылы аясында Байзақ аудандық мешітінде аудан бас имамы Қанат Әділханұлы мен «Дәстүр және отбасы» бөлімінің облыстағы жетекшісі Ғарифулла Қуанышбекұлы бүлдіршіннің тұсаукесер рәсіміне қатысты.
Рәсім барысында ұлттық салт-дәстүр дәріптеліп, балаға ақ жол, жарқын болашақ және берекелі ғұмыр тіленді. Бүлдіршіннің тұсауын бөлім жетекшісі кесіп, бас имам бала мен оның ата-анасына ізгі тілегін білдірді. Тұсаукесер рәсімі ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасындағы қуанышты бөлісуге және ұрпақ тәрбиесіне мән беруге бағытталды.



21 Қыркүйек 2026
8 Раби-сани 1448

