«Жиенбет Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердінбетов жамағатқа «Ғұрыпты сақтау – рухани мұраны сақтау» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.
Уағыз барысында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен ұлттық ғұрыптарының тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді. Имам ата-бабадан мирас болып келе жатқан жақсы дәстүрлерді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Имам Абдулла бин Ахмед Насафи әдеп-ғұрып жайлы: «Әдет-ғұрып: ақыл тұрғысынан адамдардың көңілінен орын тапқан және адамның табиғаты құптаған ғұрып», – деп анықтама береді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

