Тараз қалалық «Әл-Әділ» мешітінің ұстазы Амиреева Ләззат мешіт жамағатына діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмысын жүргізді. Түсіндіру барысында діни білімнің маңыздылығы, дін мәселесінде дұрыс ақпарат көзін таңдаудың қажеттілігі және түрлі теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді. Жамағатқа діни сауаттылықты арттырудың үш негізгі қағидасы таныстырылды: Бірінші қағида – білім алу. Діни сауатты арттыру үшін ҚМДБ тарапынан білім алған мешіт ұстаздарының дәрістеріне қатысып, дін негіздерін дұрыс меңгеру. Екінші қағида – кітап таңдау. Діни әдебиеттерді оқуда ҚМДБ-ның оң қорытындысын алған, арнайы сараптамадан өткен кітаптарды пайдалану. Үшінші қағида – дұрыс ақпарат алу.
Дінге қатысты мәліметтерді ҚМДБ-ның ресми сайттары мен сенімді ақпараттық ресурстарынан алу. Жамағатқа дін мәселесінде кез келген ақпаратқа сене бермей, оның дереккөзіне мән беру және күмәнді діни уағыздардан сақ болу қажеттігі ескертілді. Түсіндіру жұмысының басты мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау және радикалды идеологияның алдын алу.



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

