«Жәми» мешітінің ұстазы Ақпанов Ерғазы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде жамағатқа «Жалған идея – адастырады» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Уағыз барысында дін атын жамылған жалған идеологиялардан сақтану, діни ақпаратты дұрыс дереккөздерден алу және кез келген діни мәліметке сын көзбен қараудың маңыздылығы түсіндірілді. Ұстаз жастарды түрлі теріс ағымдардың ықпалына ермей, дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс меңгеруге шақырды.
Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау, өзара құрмет пен діни сауаттылықты арттырудың маңызы сөз болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

