Шу ауданы «Төле би» мешітінде ұстаздардың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және радикализм» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақ барысында діни экстремизм мен радикализмнің мәні, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жастардың діни сауаттылығын арттыру, жат ағымдардың ықпалына түспеу және дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсіну мәселелеріне тоқталды.
Сабақ соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұстаздар тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

