Шу ауданындағы «Жәми» мешітінде «Һибатулла Тарази» медресесінің аға ұстазы Данияр Қарымсақов «Пайдалы білім – негізсіз пәтуа берудің зияны» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.
Уағыз барысында діни білімнің маңызы мен жауапкершілігі кеңінен түсіндіріліп, діни мәселелерде білімсіз пікір айтып, негізсіз пәтуа берудің қауіптілігі сөз етілді. Ұстаз діни үкім айтуда Құран мен сүннетке сүйеніп, білікті мамандардан білім алудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар жамағатты діни ақпаратты кез келген дереккөзден қабылдамай, оның дұрыстығына көз жеткізуге, пайдалы білім іздеп, оны дұрыс әрі жауапкершілікпен қолдануға шақырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

