Шу ауданындағы мешіттерде қасиетті жұма күні «Ислам және отбасы» жылы аясында «Отбасы – бақыт пен берекенің тірегі» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды.
Уағыз барысында отбасының адам өміріндегі орны мен қадірі кеңінен сөз етіліп, шаңырақтағы татулық пен өзара сыйластықтың маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жауапкершілігі, ата-анаға құрмет көрсету, ұрпақ тәрбиесіне мән беру және отбасы мүшелерінің өзара мейірімділік танытуы жөнінде насихат айтылды.
«Раббың бір Өзіне ғана құлшылық етуді, ата-анаға барынша жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, (оларды ауырсынып немесе жақтырмаған сыңай танытып) тіпті «Түу!» деп те кеюші болма, сондай-ақ оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт!» – («Исра» сүресі, 23-аят).
Жамағатқа отбасы бірлігін нығайтып, шаңырақтың берекесі мен тыныштығын сақтауға үндеген тағылымды ойлар айтылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

