Мәуліт айына орай «Ақсүйек» мешітінде Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеттері мен сүннеттері жайында кеңінен баяндалды. Сонымен қатар Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмір жолынан үлгі алып, ізгілік пен имандылықты өмір салтына айналдырудың маңызы түсіндірілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


15 Қыркүйек 2026
2 Раби-сани 1448

