Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны аясында игі шара ұйымдастырылды.
Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбайдың ұйытқы болуымен 50 балаға жаңа мектеп сөмкелері мен оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Игі бастамаға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, жас ұрпақтың білім алуына бағытталған қайырымдылық шараларының жалғасын табуына тілектестік білдіреміз.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


15 Қыркүйек 2026
2 Раби-сани 1448

