Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы 5 қыркүйек – халықаралық қайырымдылық күні мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. Көмек күнделікті қажетті азық-түлікпен және қой етімен жасалды.
Қазақ халқы қайырымдылықты әрқашан жоғары бағалаған. «Жақсылық қылсаң, жасыр», «Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі» деген нақылдар халқымыздың ізгілікке деген көзқарасын көрсетеді. «Қайыр қылсаң, бүтін қыл» деген сөздің мағынасы да терең. Бұл – жақсылықты жартылай емес, толық әрі нәтижелі түрде жасау дегенді білдіреді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



15 Қыркүйек 2026
2 Раби-сани 1448

