#Мойынқұм: Бас имам Ақсүйек ауылының тұрғындарымен кездесті

#Мойынқұм: Бас имам Ақсүйек ауылының тұрғындарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Ақсүйек ауылының тұрғындарымен кездесіп, тағылымды сұхбат өткізді.

Кездесу барысында қазіргі діни бағыттар мен жат ағымдардың ерекшеліктері түсіндіріліп, олардың теріс ықпалынан сақтанудың жолдары жөнінде насихат айтылды. Сонымен қатар Ислам дініндегі тәрбие мәселесіне кеңінен тоқталып, ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету және отбасындағы имандылықтың маңызы туралы сөз қозғалды.

Бас имам тұрғындарды діни сауаттылықты арттыруға, дәстүрлі діни құндылықтарды берік ұстануға және діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алуға шақырды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: