Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Күшаман ауылының тұрғындарымен және жамағатымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында дін мәселелеріне қатысты маңызды тақырыптар қозғалып, жамағатқа Ислам дінінің негізгі құндылықтары мен дәстүрлі діни ұстанымдар түсіндірілді. Сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру, ақпаратты дұрыс дереккөздерден алу және түрлі теріс ағымдардың ықпалына ермеу жөнінде кеңестер айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



15 Қыркүйек 2026
2 Раби-сани 1448

