#Шу: «Жәми» мешітінде Мәуліт айына орай тағылымды кеш өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде Мәуліт айына орай тағылымды кеш өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт айына орай «Жәми» мешітінде шәкірттерге арналған рухани-танымдық кеш ұйымдастырылды. Шара барысында шәкірттерге арнайы дастархан жайылып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезі туралы тағылымды әңгімелер айтылды.

Кеште шәкірттердің білімін арттыру мақсатында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі мен сүннетіне қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Сонымен қатар Мәуліт жыры оқылып, Алла елшісіне (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік пен құрметтің маңызы түсіндірілді.

Тағылымды кеш шәкірттердің рухани білімін толықтырып, Мәуліт айының мән-маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: