Қордай: Аудан бойынша уағыз-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Қордай: Аудан бойынша уағыз-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша аудан бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен имамдардың уағыз-насихат жұмыстары тұрақты түрде жанданып келеді.

Аталған насихат жұмыстары Мәуліт айының басталуымен қолға алынып, алғашқы уағыздар Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны, көркем мінезі мен өнегелі ғұмырына арналды. Ауданға қарасты мешіт имамдары әлеуметтік желі арқылы жамағатқа рухани тағылымы мол уағыздар мен насихаттар ұсынып келеді. Әр он күн сайын ауданның он имамы кезекпен уағыз-насихат жүргізіп, өзекті діни және тәрбиелік тақырыптарды қамтиды.

Бұл бастама жамағаттың діни сауатын арттырумен қатар, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттау, көркем мінезін үлгі ету және дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен дәріптеуге бағытталған. Уағыз-насихат жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: