Қордай: «Дін мен дәстүр» қайырымдылық мекемесінде өңдеу жұмыстары жүргізілді

Қордай: «Дін мен дәстүр» қайырымдылық мекемесінде өңдеу жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша «Дін мен дәстүр» қайырымдылық мекемесінде аудан бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен тазалық және жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында екі қабатты ғимарат әктеліп, сырланып, жаңартылды. Сонымен қатар мекеме аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы ретке келтірілді.

Игі іске атсалысқан азаматтар мекеменің жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Мұндай қайырымды бастамалар қоғамға пайдасын тигізіп, көпшілікке  қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Алла Тағала осы игі іске атсалысқан барша азаматтардың еңбегін қабыл етіп, отбасыларына амандық, ризық-несібелеріне береке берсін! Жасаған қайырлы істері сауаптан жазылып, ел игілігі жолындағы еңбектері еселене берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: