Қордай: «Дін мен дәстүрді» дәріптеген бас қосу

Қордай: «Дін мен дәстүрді» дәріптеген бас қосу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінде жамағат арасында ұлттық салт-дәстүр мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған игі шара өтті. Басқосу барысында жамағат арасында арқан тартыс және гір көтеруден сайыс ұйымдастырылды.

Діни құндылықтар мен ұлттық дәстүрді ұштастырған спорттық шараға жамағат белсене қатысып, өзара күш сынасты. Жиын барысында мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ұлттық ойындарды дәріптеу және жастарды салауатты өмір салтына баулу мәселесіне мән берілді. Қатысушылар үшін тартысты өткен сайыс көпшілік көңілінен шығып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Игі шара соңында жеңімпаздарға алғыс білдіріліп, елдің амандығы мен жұрттың береке-бірлігі үшін дұға жасалды. Алла Тағала елімізге тыныштық, халқымызға ынтымақ пен береке беріп, осындай игі бастамалардың көп болуын нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: