Қордай: «Рахман» мешітінде айлық дастархан жайылды

Қордай: «Рахман» мешітінде айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінде жамағатқа арналған айлық дастархан жайылды. Игі басқосудың негізгі мақсаты – жамағат арасындағы бауырмалдықты арттырып, өзара сыйластық пен ынтымақты нығайту.

Шара барысында аудан бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа «Бауырмалдық» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты. Имам өз сөзінде мұсылман баласының бір-біріне қамқор болып, қиындықта қолдау көрсетуі, өзара кешірімділік пен татулықты сақтауы маңызды екенін атап өтті. Айлық дастархан барысында жамағат өзара пікір алмасып, рухани әңгіме өрбітіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.

Осындай басқосулар мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттырып, бауырмалдықты бекемдей түсетіні сөзсіз. Шара соңында ел амандығы, жұрт тыныштығы мен береке-бірлік үшін дұға жасалды. Алла Тағала жамағат арасындағы бауырмалдықты арттырып, елімізге тыныштық, халқымызға ынтымақ пен береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: