Қордай ауданының орталығындағы аудандық «Қордай» мешітінде Мәуліт кеші өтті. Игі шара аудан бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен ұйымдастырылды. Мәулітті Егізбаев Алмұханбет оқып, жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінезі туралы тағылымды насихат айтты.
Шара барысында Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылып, жамағатқа рухани тағылым берілді. Жиын соңында ел амандығы, жұрт тыныштығы мен береке-бірлік үшін дұға жасалды. Алла Тағала елімізге амандық, халқымызға бірлік пен береке беріп, жасаған игі амалдарымызды қабыл етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



07 Қыркүйек 2026
24 Раби-авваль 1448

